2019 жылдың желтоқсан айынан бастап «ОҢТҮСТІК» АИО және «Ырыс» МҚҰ шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендірудің бизнес-процестерін автоматтандыру мақсатында, инвестициялық бағыттарды және көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдерді электронды қабылдау қызметін енгізу арқылы, несиелендіруді автоматтандыру жүйесінде жұмыс бастауда.
Автоматтандыру Серіктестіктің ұсынатын несие беру қызметтінің сапасын жақсарту ,айқындау және Түркістан облысының шалғай аудандарын қамту мақсатында енгізілуде. Клиенттердің өтініштерін қарау барысының мониторингі, талондардың көмегімен жүзеге асырылады, онда қарастыру мерзімі мен өтініш берілген күні көрсетіледі. Талондық қызмет көрсету жүйесіне толықтай көшу 2020 жылдың ақпан айынан басталады.
Жоғарыда аталған жүйені енгізу, несие алушыларға өте ыңғайлы болып табылады, олар өздерінің өтінімдерін қарау барысын ,яғни басынан бастап соңғы шешім қабылданғанға дейін бақылауына мүмкіндік береді.
«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ әзірлеген Qoldau.kz электронды платформасы негізінде немесе бұлтты технологияларды қолдана отырып, «Бірінші Кредиттік Бюро» АҚ көмегімен несиелендіру процесін электронды түрде беру жоспарлануда.
Қызмет көрсету тәртібі:
Қызмет 4 қадам бойынша көрсетіледі:
1. Аймақтық несие сарапшысы өтінішті ережеге сәйкес толық қабылдап алады;
2. Қабылдап алғаннан кейін несие алушыға талон береді;
3. Несие алушы талон бойынша өз өтінішінің уақытын көріп отырады;
4. Талонда көрсетілген уақыт бойынша уақытылы қызмет көрсетіледі.
Төменде талонның толтырылуын мысал ретінде көрсетеміз:
ТАЛОН № 0000
Құжаттарды қабылдау күні: 01.01.2020
Өтініш бойынша шешімнің жоспарланған күні: 21.01.2020
Клиент: ЖК" Асан " атынан Асанов С. Б.
Қызмет: несие беру
Несиелеу бағдарламасы: Мал шаруашылығы
Кредит беру сомасы: 4 000 000,00 теңге