«ОҢТҮСТІК» АИО-ы Түркістан облысының әкімдігімен құрылып, 2009 жылдың сәуір айынан бастап инвестициялық жобаларды жеңілдетілген қаржыландырумен айналысып, аймақтың мемлекеттік инвестициялық саясатының жүзеге асуына өз үлесін қосып келеді. «ОҢТҮСТІК» АИО қызметінің негізгі бағыты – Түркістан облысының кәсіпкерлерін несие және қаржылық лизинг беру арқылы қаржыландыру.
Түркістан облысы әкімдігінің (жергілікті атқарушы органның) қаржылық операторы ретінде «ОҢТҮСТІК» АИО өзінің несие саясаты арқылы экономикалық белсенді халықты қаржымен қамтамасыз етеді, кіші және орта бизнестің толыққанды дамуына,сондай-ақ, жаңа кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді.
«ОҢТҮСТІК» АИО-ның басты мақсаты–тиімді инвестициялық саясат арқылы экономикасын дамыту, экономиканың басты бағыттары бойынша жобаларды қаржыландыруда сырттан инвесторлар тарту арқылы аймақ кәсіпкерлерінің қаржы ресурстарға қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
«ОҢТҮСТІК» АИО артықшылары:
- Кепілдікке ауылдық жердегі жылжымайтын мүлік алынады;
- ОҚО-ның барлық аудан орталықтарында аймақтық өкілдері бар;
- Start-up жобаларын қаржыландыру қарастырылған;
- Қаржыландырудың тиімді шарттары (несие - 7% және лизинг 8% бойынша тиімді өтеу кестесі);
- Несие беруге және қызмет көрсетуге алымдар жоқ.