Компания туралы

«Ырыс» МҚҰ» ЖШС-гі «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС-нің еншілес ұйымы болып табылады.

«Ырыс» МҚҰ» ЖШС несиелендіру нарығында 2009 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. 

Түркістан облысының барлық аудандарында микроқаржы ұйымының аймақтық өкілдері жұмыс жүргізеді. 

«Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің негізгі мақсаты - Түркістан облысының әлеуметтік бағыттағы салаларын несиелендіру арқылы, ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамыту. «Ырыс» МҚҰ» ЖШС ұсынған шарттар қол жетімді болу үшін барынша жеңілдетілген. Мұнда, жұмыс жасап тұрған бизнес жобалармен қатар, бастапқы бизнес жобалар да қаржыландырылады. Бүгінгі күнге дейін берілген микронесиелер, қаржыландыру көзіне байланысты жылдық сыйақысы 6 - 17 пайызбен таратылады. Айта кету керек, ұйым тарапынан қаржыландырылған жобалардың 90 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан.

«Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Облыстағы жеңілдетілген пайызбен беретін жалғыз микроқаржы ұйымы;
  • Аудандарда аймақтық менеджерлері қызмет атқарады;
  • Ауылдық жерлерде жылжымайтын мүліктерді кепілге алады;
  • Қызмет көрсету бойынша комисиялық шығындары жоқ;
  • Қаржыландырудың қолайлы шарттарын таңдаған. Яғни, әр жобаның ерекшеліктеріне қарай жеңілдетілген төлем кестесі жасалынады.

«Ырыс» МҚҰ» ЖШС-гі ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ:

«Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің қаржыландырудың басым бағыттары ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды қолдау, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобалар болып табылады:

  • Бордақылау алаңдарын құру және тауарлы-сүт фермаларын ашу;
  • Жылыжай шаруашылығын дамыту және құру;
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу;
  • Тұтыну тауарларын өндіру және қызмет көрсету.

«Ырыс» МҚҰ» ЖШС ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТҮРЛЕРІ:

«Ырыс» МҚҰ» ЖШС жеке кәсіпкерлерді, шаруа/фермер қожалықтарын, заңды тұлғаларды қаржыландырады.

Қаржыландырудың ең жоғары сомасы 8 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

«Ырыс» МҚҰ» ЖШС қаржыландырудың келесі түрлерін ұсынады:

  • Тікелей қаржыландыру (микрокредиттер):
  • Өз қаражаты есебінен жылдық сыйақы мөлшерлемесі 17% - дан аспайды, қаржыландыру мерзімі 84 айға дейін;
  • Тартылған қаражат есебінен-сыйақы мөлшерлемесімен қаржыландыру мерзімі Байқаушы кеңестің шешімімен белгіленеді;
  • Қаржы лизингі-сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9% - дан аспайды, қаржыландыру мерзімі 84 айға дейін.