Қаржылық лизинг:
- Сыйақы мөлшерлемесі - жылына 8%;
- Қаржыландыру мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейін;
- Бизнес ерекшеліктеріне қарай (маусымдық, өндірістік циклдер, жобаны іске асыру мерзімі және т.б.) негізгі борышты және сыйақыны 2жылға дейін жеңілдетілген төлем кестесімен төлеу.
- Жоба бастамашысының бастапқы жарнасы – лизинг құралы бағасының 15 %-нан басталады. Жоба бастамашысының бастапқы жарнаға қаражаты болмаған жағдайда, лизинг құралының 50% құнын жабатын, жылжитын немесе жылжымайтын мүлікті кепілдікке қоюға мүмкіндігі бар.
Орталық лизингтің - таза лизинг түрін қолданады, ол бойынша лизинг алушы лизингке алынған құралға техникалық қызметті және ағымдағы техникалық қызметті өзі орындайды.