Бүгін елімізде екі бірдей мереке -ҚР Ұлттық валюта күні және Қаржыгерлер күні!
Бүгін баршамызды Ұлттық валютамыз Теңге және көп жылдар бойы қалыптасқан Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлері атап өтетін біздің кәсіби мерекеміз - Қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы орайда, қаржы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың оңды нәтижелері алдағы уақытта да Қазақстан экономикасының қаржылық әлеуетін дамытуға және нығайтуға бағытталып, еліміздегі кәсіпкерлік сектордың қаржылық сәттілігіне ықпал ете берсін. Сіздерге амандық, жемісті жұмыс, кәсіптік табыс, еңбек жолында көтерілу және жаңа белестер тілейміз!