Форумға Түркістан облысының делегациясынан 15 адам жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында , біздің "ОҢТҮСТІК" аймақтық инвестициялық орталығы ЖШС -нің өкілі, Басқарма Төрағасының Орынбасары Қансейіт Ақмарал Байсейітқызы болды.
Екі күнге жалғасқан ауыл әйелдерінің форумында ҚР Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың бастамасымен "Ауыл - Ел бесігі" 2018 жылғы жобасы аясында көзделген, ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша ,ынтымақтастық мақсатында, Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы орта және шағын бизнесті дамыту жөніндегі жасалып жатқан жұмыстарды таныстыра өтті. Бұл ғана емес, жасыл технологияларды игеру және инновациялық жобаларды іске асыру жолдары да – осы жиынның басты тақырыбы болды. Дәстүрлі кездесу- халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдерін депутаттармен кездесуіне жақсы мүмкіндік береді.
Қазақстанның ауыл әйелдерінің II форумы жылдық жұмыстарын қорытындылай келе , ауыл әйелдерінің тұрақты дамуы үшін қозғалысын құруды ғана емес, күн тәртібінде БҰҰ-ның 21 ғасырына дейін көрініс тапқан көптеген сұрақтарды ТДМ -2030 қарастыруды көздеп отыр.
Форум ҚР Президенті Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мен "Жасыл экономика және G-Global дамыту Коалициясы" ЗТБ, G-Global Халықаралық хатшылығы, Coca-Cola халықаралық қайырымдылық қорының, ЕҚДБ, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламасының Кеңсесі, Конрад Аденауэр атындағы қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 220 делегат, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерден 100-ден астам қонақ, Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-құрылымдардың, даму институттарының, қоғамдық, халықаралық және ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты.
Спикер ретінде шаруа және фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, бизнес-құрылымдардың басшылары және ҒӨБ, ауылдық округтарды басқаратын әйелдер, Әзірбайжан ауылдық әйелдер қауымдастығы cөз сөйлеп өтті.
"ТДМ көшбасшыларының қоғамдық институты" жобасы шеңберінде, елдегі ТДМ - 2030 17 мақсаттарының әрқайсысы бойынша ауылдық көшбасшы әйелдер анықталды.
Облыстық форумдар іс-шараларының қорытындысы ретінде «100 асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» атты кітап таныстырылды. Бұл кеңес заманындағы еңбек батырларына құрмет көрсету дәстүрлерінің өзіндік жаңғыруы, қазіргі жастар үшін үлгі және шабыттандыратын мысалдар.
Рахимбекова С. Т.-("Жасыл экономика" және "G-Global дамыту Коалициясы" заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма Төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті қолдауымен жасыл экономикаға көшу жөніндегі Кеңестің мүшесі, экономика ғылымдарының докторы (кітап туралы):
- Бұл ерекше кітап, ол алғашқы қолдан жазылған креативті процесс болды, ол бізге барлық өңірлердегі ауыл әйелдерінің таңғажайып тарихын тек фермерлік және шаруа қожалықтарының басшылары,бизнес өкілдері арасында ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мекемелердің, үкіметтік емес сектор басшыларын, жастарды анықтауға мүмкіндік берді.