- Сарыағаш ауданы әкімдігінің ғимаратында Түркістан облысы әкімдігінің және Дүниежүзілік банктің қолдауымен "дөңгелек үстел" өтті. Кәсіпкерлер үшін ауқымды, маңызды жиынды ұйымдастыруға "Оңтүстік" АИО" ЖШС белсене қатысты.
"Дөңгелек үстелде" аграрлық сектор мен өнеркәсіп саласындағы экспортты дамытудың, қаржы саласындағы жаңа тетіктердің, шағын және орта бизнесті қолдаудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, отандық шағын және орта бизнес өндірушілеріне экспорттың мүмкіндіктері, қолайлылығы мен пайдасы туралы айтылды. Дөңгелек үстелде Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті. "Оңтүстік" АИО" ЖШС басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре "Оңтүстік" АИО" қаржы тетіктерін таныстырды, сондай-ақ "Capital Tool Company Consulting" голландық компаниясының аға кеңесшісі "факторингтегі жаңа жүйелер"тақырыбында сөз сөйледі.
Іс-шараға ірі аграрлық өндірушілер мен жабдықтаушылар қатысты. "Амангелді", "Дала өнімі", "Сарыағаш құс" ЖШС және "Алекс" ЖШС шаруа қожалықтары қатысты.
"Дөңгелек үстелге" қатысушылар Түркістан облысы басшылығының қолдауымен Аграрлық секторда пайда болатын жаңа қаржылық тетіктерді енгізу, өнеркәсіп саласында экспортты дамыту және орта бизнес үшін қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады. Кездесу барысында өнеркәсіптік экспорттың маңыздылығы, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті абаттандыру мәселелері қозғалды.