"Ұлттық экспорттық стратегия" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткен болатын. Бағдарлама экспорттық әлеуеттің өсуін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыруға бағытталған.
Кеңес «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма Төрағасы Р. В. Ысқақов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Н.К. Сарыбаевтың, жетекші экспорттаушылардың қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында М.Мырзалиев 2018 жылғы сыртқы сауда тауар айналымының жағдайы туралы айтып берді. Өңірдің негізгі импорттаушылары Ресей (175 483,1 мың АҚШ доллары), Өзбекстан (37 023,1 мың АҚШ доллары), сондай-ақ Еуропа Одағы (66 639,4 мың АҚШ доллары) және Азия (49 326,4 мың АҚШ доллары) елдері болып табылады.
Шетелге экспортталатын негізгі тауарлар минералдық өнімдер (199 691,5 мың АҚШ долл.), мал және өсімдік тектес өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары (52 932,3 мың АҚШ долл.), химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімі (каучуктар мен пластмассаларды қоса алғанда) (47 449,9 мың АҚШ долл.)
Түркістан облысы бақша дақылдарын, мақта мен тоқыма өнімдерін экспорттаушылардың бірі болып табылады. Бұдан басқа өңірде Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар экспортталады.
Сондай-ақ, Әкім орынбасары өңірдің экспорттық әлеуетке ықпал ететін географиялық артықшылығы туралы атап өтті. Экспортты ұлғайтуға «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік корридоры ықпал етеді.
Мәжіліс барысында «KazakhExport» СКК» АҚ Басқарма Төрағасы Р. В. Ысқақов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Н.К. Сарыбаев өз баяндамаларымен шықты. Қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар бойынша және қандай қолдау көздері бар екендігін айтып өтті.
Кеңес шеңберінде проблемалық мәселелер және әрбір экпортер бойынша шешу жолдары және одан әрі қызметті дамыту үшін жағдайларды жақсарту мүмкіндігі талқыланды.
Экспорттаушыларды қолдау шеңберінде мынадай жұмыстарды жүргізуді тапсырылды:
1. Жергілікті атқарушы билік пен уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен жобалық кеңсе құру. Жобалау кеңсесіне облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және кәсіпкерлік басқармасына есеп бере отырып, анықталған проблемаларға ай сайын талдау және мониторинг жүргізу және оларды шешу жолдары»;
2. Сандық сауданы дамыту үшін қызметтер мен тауарлар тізбесі қойылатын бірыңғай электрондық портал әзірлеу. Аталған электрондық портал өндірушілерді делдалдардың қатысуынсыз әлемдік нарыққа шығаруға бағытталған. Сондай-ақ осы порталды жылжыту бойынша тұрақты жұмыс жүргізу қажет;
3. Аймақтың сандық картасын жасау;
4. Экспорттаушылардың қызметіне кеңес беру және жедел жәрдемдесу үшін 24/7 режимінде бірыңғай Call-орталық құру. «Атамекен» ҰКП, АШМ комитеттері мен инспекциялары, кеден бекеттері, МКД және т. б. сияқты экспорттаушыларға барудың барлық ықтимал нүктелерінде стикерлер әзірлеу, тарату және орнату.
4. Түркістан облысының экспорт көлемін ұлғайту мақсатында экспорттаушыларды қаржыландыру басымдығы белгіленсін. "Оңтүстік" АИО ЖШС" Kazakh Export сақтандыру компаниясы " АҚ-мен бірлесіп, экспорттаушыларды қолдау және ынтымақтастық тетігін әзірлеу.
Жоғарыда көрсетілген шаралар экспорттаушылардың қызметіне жедел жәрдемдесу шеңберінде құрылатын болады.