2019 жылғы 18 ақпан күні «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС және Сарыағаш әкімдігінің қолдауымен, алғаш рет «Turkestan Digital Trade» цифрлық сауда алаңының тұсаукесер презентациясы өтті.
Іс-шараны алғы сөзбен «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС Басқарма Төрағасы Байтөре Қуаныш Қонратбайұлы және Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Сүюбаев Алмат Сағынтайұлы ашты. Сонымен қатар, іс-шараға Сарыағаш ауданы Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «ЫРЫС» МҚҰ» өкілдері және ауданның кәсіпкерлері қатысты.
«Turkestan Digital Trade» сауда алаңы Түркістан облысы әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың бастамасымен және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында құрылған жоба.
«ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС Басқарма төрағасы өз сөзінде: Бұл Цифрлы сауда алаңының негізгі мақсаты сатушы мен сатып алушының арасындағы делдалды жойып, тауар өндіруші мен сатып алушыны тікелей байланыстыру болып табылады.
«Turkestan Digital Trade» мүмкіндіктері басқа сауда алаңдарының функционалы айтарлықтай кең. Тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беруден басқа сайт пайдаланушылары сауда-саттық пен тауардың бағасын онлайн режимінде қоя алады, аукцион өткізеді, сондай-ақ чатта сөйлесе алады. Әрбір пайдаланушы Turkestan Digital Trade желісінде авторландырылған жеке кабинеті болады.
«Turkstan Digital Trade» Көпфункционалды сауда алаңы барлық жеткізушілерді, тұтынушыларды және интернет пайдаланушыларды визуализация мен іздеудің ыңғайлы жүйесі арқылы біріктіреді.
Іс-шара соңында жиналысқа қатысқан кәсіпкерлер қызығушылық танытып, алдағы уақытта шығаратын өнімдерін тек «Turkestan Digital Trade» платформасын қолдану арқылы нарыққа шығаратындарын айтты.
Аталған жоба бойынша Түркістан облысының барлық кәсіпкерлерін осы Цифрлы сауда алаңына енгізу жоспарлануда.
Бұл өз кезегінде, Түркістан облысының отандық тауар өндірушілерді қолдау және жетілдіру мақсатында, тұрақты түрде «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін бүкіл әлемге танымал ету.