19 Февраль 2019

2019 жылдың 11 ақпан күні Түркістан облысының әкімдігі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментімен бірлесіп «Адал кәсіп, адал нәсіп» атты алғашқы «ашық есік күнін» өткізді. 

WhatsApp Image 2019 02 11 at 19.20.091Жиынға Түркістан облысының құзырлы басқармалары сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП» АҚ, «Түркістан» ӘКК АҚ, «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы, «Ырыс» МҚҰ, Екінші деңгейлік банктер, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының және «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Түркістан ауданы бойынша аймақтық филиалдары және өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында, Түркістан облысының кәсіпкерлер көкейінде жүрген сұрақтарының барлығына тікелей облыс әкімі орынбасары, басқарма басшыларының және қаржы институттарының басшыларынын жауап алды.

Бұл кәсіпкерлік саласында жемқорлықты болдырмау мақсатында ұйымдастырылған арнайы іс-шара болып табылады. Іс-шараны әр айдың 20 жұлдызында барлық аудан, қалаларда өткізу жоспарланып отыр. Кәсіпкерлік саласына қатысты қандай да бір сұрақтарға немесе арыз, шағымдарға жауап беретін +7 778 555 60 30 арнайы WhatsApp нөмірі қосылды.

«Оңтүстік» АИО және «Ырыс» МҚҰ басшылығы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бағдарламаларды таныстырып, алдыңғы жылы атқарылған жұмыстарының нәтижелері туралы мәлімдеді. Айта кетерлік, 2018 жылы 6 млрд. теңгеге 1292 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде 49 жоба «Оңтүстік» АИО және 1243-іне «Ырыс» МҚҰ қаржы бөлген. Нәтижесінде 1403 жаңа жұмыс орны пайда болды.

 

 

WhatsApp Image 2019 02 11 at 19.20.09

WhatsApp Image 2019 02 11 at 19.20.093