• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Башқорстан Республикасының мемлекеттік комитеті мен Түркістан облысының стратегия және даму Департаментінің арасында келліссөздер өткізілді.
14 Ноябрь 2018

  Түркістан облысының «ОҢТҮСТІК» инвестициялық орталығында Башқорстан Республикасының мемлекеттік комитеті мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде алғашқы  келіссөздер өтті. 

 

  Келіссөзге қатысқандар: Башқорстан Республикасының сыртқы экономикалық  байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы-Р.З. Мирсояпов   «Башқорстан Республикасының шағын және  орта кәсіпкерлікті  қолдауға бағдарланған» автономдық коммерциялық емес  ұйымның  басшысы- И.В.Халитов; «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы- Байтөре Қ.Қ; «ОҢТҮСТІК» АИО стратегия және даму Департаментінің басшысы-Т.Э.Нарметов;«ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасының кеңесшісі – Н.Ачилов; стратегия және даму Департаментінің менеджері – Г.З.Бочоришвили; стратегия және даму Департаментінің менеджері – А.Құсайын.

   Екі жақтың өкілдері экономикалық қатынастар мен өзара тауар айналымын дамыту аясында жоспарланған мәселелерді талқылап, келесі бағыттар бойынша бірлескен жұмыстарды шешуге бел буды:

- Башқорстан Республикасы  және Қазақстан Республикасында  өткізілетін конгресстік  іс- шараларға қатысу,бизнес-миссиялармен алмасу.

- АӨК және машина жасау технологиялық трансферті.

- Инвестицияларды тарту.

- Бірлескен өндірістер құру.

- Мұнай өнімдерін қайта өндеу мен жоғары технологияларды дамыту.

- Қайта өңдеу қалдықтарды және жер қойнауында пайдаланылатын технологияларды  дамыту.

                                                                                                                                          «ОҢТҮСТІК» АИО баспасөз қызметі: Құсайын А.Қ.

                                                                                                                                              Қосымша мәлімет: 42-64-21 (вн:121)