ҚР «жасыл экономика» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысында "жасыл" инфрақұрылымды дамыту мәселелері белсенді түрде қарастырылуда.
Осы орайда, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да дөңгелек үстел ұйымдастырылып, алда тұрған жұмыстар тағы бір пысықталды. Дөңгелек үстелдің мақсаты - экологиялық жобаларды іске асыруды ілгерілетуге жәрдемдесу,соның ішінде ұйымдастыру бойынша: іс-шараларды дайындау, өткізу, ілгерлету , насихаттау,қоршаған ортаны қорғау және "жасыл" жобалар бастамалар саласын іске асырумен қатар инвесторлар тарту мәселелерін қарыстыру.
Дөңгелек үстел негізінен М. ӘуезовОҚМУ басшыларымен бірге Нобель сыйлығының Лауреаты Рае Квон Чунг, Оңтүстік кореялық ғалымдар Ю Джае Чеон және Кванг Дон Ким , экологиялық ұйымдары қауымдастығының Басқарма Төрағасы А. Сагадибековна және G-Global Жасыл экономика Коалициясының Төрағасы С.Темірқұлқызы, Түркістан облысының әкімінің кеңесшісі, академик С.Фазылұлы ,"ОҢТҮСТІК" АИО Басқарма Төрағасының м. а А. Байсеитқызы , МҚҰ "Ырыс" МҚҰдиректоры Д. Манатжанұлы арасында жүгзігіліп, өзара бірқатар келісімдерге қол жеткізді. Дөңгелек үстел аясында тараптар өзара ынтымақтастық үш жақты меморандумға қол қойды.
Кездесуде ,сондай-ақ, тараптар ынтымақтастығы "жасыл" пилоттық жоба бойынша және инновациялық технологиялар, жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері қарастырылды. Сонымен бірге, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаларды ашу,халыққа арналған "жасыл" кварталдардың және жаңа "жасыл" объектілердің құрылыс мәселелері қаралды. Осы ретте «ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Ақмарал Байсейітқызы:
- «Ұлттық және әлемдік деңгейдегі сарапшыларды тарту, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың қаржы құралдарын, қорлардың "жасыл қала" бірлескен экологиялық жобаларын іске асыруға маңызды қадам болып табылады», - деді өз сөзінде. Сонымен бірге Акмарал Байсеитқызы – Түркістан облысы аумағындағы әзірлеу және іс жүзінде жүзеге асыру табиғатты қорғау бағдарламалары мен инвестициялық жобаларын объектілерінде пайдалану аймақтық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді», - деп сөзін қорытындылады.
Қол қойылған меморандум -Қазақстанның "жасыл" экономикаға өту тұжырымдамасын іске асыру және "Жасыл көпір серіктестік Бағдарламасы "ынтымақтастықты дамыту бойынша жаңа серпін береді деп күтілуде.