Құқықтық дәрісті өткізудегі басты мақсаты – Мемлекеттік жемқорлыққа қарсы ісқимыл саясатын, «Ырыс» МҚҰ мен «ONTUSTIK» Аймақтық инвестициялық орталығының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ойын өзгерту, жемқорлыққа заң бұзушылық ретінде ғана емес, мемлекеттің дамуына қауіп төндіріп тұратын құрал ретінде қарауын талап ету.
Үстіміздегі жылдың 10 - тамызы күні «Ырыс» Микроқаржы ұйымы мен «ONTUSTIK» Аймақтық инвестициялық орталығының басшылығы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңына сәйкес, өзінің аймақтық менеджерлері мен несиелендіру бөлімінің қызметкерлеріне арнап арнайы семинар ұйымдастырды. Семинарды өткізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне ұсыныс жасалып, департаменттің арнайы мамандарымен құқықтық дәріс (семинар) өткізді.
Құқықтық дәрісті өткізудегі басты мақсаты – Мемлекеттік жемқорлыққа қарсы ісқимыл саясатын, «Ырыс» МҚҰ мен «ONTUSTIK» Аймақтық инвестициялық орталығының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ойын өзгерту, жемқорлыққа заң бұзушылық ретінде ғана емес, мемлекеттің дамуына қауіп төндіріп тұратын құрал ретінде қарауын талап ету.
Іс-шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Шылманов Айбек Ақбергенұлының кіріспе сөзімен басталып, баяндаманы ОҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің бас маман - мемлекеттік аудиторы Мамутов Бауыржан Оразұлы оқыды.Семинар барысында өзара сұрақ – жауап алмасып, диалог жүргізілді.