«ОҢТҮСТІК» АИО арқылы бірнеше кооператив құрылу жоспарланып отыр.
Елбасының ауыл шаруашылығы саласына арнаған жолдауында жүктелген міндеттері аясында, ОҚО әкімінің орынбасары Б.Жамаловтың бекітілген кестесіне сəйкес, ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 17 мамыр аралығында облыстың барлық қала аудандарындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және кооперацияларды мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдері бойынша түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына: ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ОҚО бойынша филиалы, «Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталығы» және «ОҢТҮСТІК» АИО-ғының өкілдері тартылды. Алғашқы семинар Бәйдібек, Созақ, Отырар және Арыс аудандарында өтті. Өткен шаралар барысында «ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасының орынбасары Д.Мамыров кооперативтерді несиелендіру жəне оларды құру жолдарының тиімділігі туралы арнайы дайындаған слайд бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудандық «Кəсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС, « Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жергілікті өкілдері селолық тұтынушылар кооперативі мен ауыл шаруашылығы кооперативінің айырмашылықтары туралы, кооператив құру жұмыстарына және несиелендіру жұмыстарына халыққа қызмет көрсетуге дайын екендіктері жайында түсініктеме жасады. Ал жиынға қатысқан бірқатар СТК төрағалары мен кəсіпкерлер көкейіндегі сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін «ОҢТҮСТІК» АИО арқылы облысымызда 8 СТК ашылып, нәтижелі жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, алдағы уақытта да «ОҢТҮСТІК» АИО арқылы бірнеше кооператив құрылу жоспарланып отыр.