«Біз жемқорлыққа қарсымыз және оған жол бермейміз. Бұған сіз де көмектесуіңіз керек. Бізде қаржыландыру таза іске асырылады. Бұл үшін ешкімге ешқандай ақша берудің қажеті жоқ. Несиені барлығы бірдей ала алады. Бастысы сіздің кредиттік тарихыңыз таза және бизнес-жоспарыңыз болуы қажет!»
Бұл туралы Түлкібасы ауданында өткен кезекті көшпелі кездесу барысында «ОҢТҮСТІК» АИО Барқарма төрағасының орынбасары Дәулетқожа Мамыров мәлімдеді. Бұл кездесудің негізгі мақсаты да барлық кәсіпкерлерді жемқорлыққа қарсы бірлесіп күресуге шақыру болып табылады. Сондай-ақ, кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтармен жүгінді. Сұрақтар негізінен қайта несие алу, кепілдікке қойылатын мүлік және құжаттардың ұзақ қаралу себептері туралы қойылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлер тарапынан бірнеше ұсыныстар білдірілді. Сұрақтарға жауап бере отырып, «ОҢТҮСТІК» АИО және «Ырыс» МҚҰ өкілдері аталған ұсыныстар міндетті түрде қаралатындығын айтты. Сөз соңында, кездесу екі жақ үшін де өте қызықты және, әрине, пайдалы болды деп айтуға болады.