Егер кәрі «тарлан» тарихқа көз жүгіртсек, бал жеп өскен баланың ақыл-ойының жүйрік, есте сақтау қабілетінің өте жақсы болатынын жан-жақты зерделеген мысырлықтар сонау ғасырларда күн сайын балаларына белгілі бір мөлшерде бал беруді дағдыға айналдырған екен.
Балдың қайталанбас қасиеті ғалымдар тарапынан да дәлелін тапқан. Араның тек адамның денсаулығына ғана емес, қоршаған ортаға тигізетін пайдасы да шаш-етектен. Экологтардың айтуынша, қара топырақтың құнарлылығын қалпына келтіруде ара айрықша рөл атқарады.
Оңтүстік Қазақстан облысында бал арасын өсіріп, омарташылықпен айналысатындар аз емес. Бүгінгі күні облыс көлемінде 1200 шағын, орта және ірі ара өсіруші жеке және заңды тұлғалар бар. Облыс көлемінде жылына 100 тонна бал өндіріледі. Қазіргі уақытта омарташылықпен айналысатын кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Атап айтсақ, бүгінде бал ара шаруашылығында селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін әр 1 ұяшығына мемлекет тарапынан 3190 теңге қолдау қаржы төленеді. 2016 жылы 3000 ұяшыққа мемлекет тарапынан 9570,0 мың теңге қаржы жоспарланған.
Айта кету керек, Оңтүстіктің омарташыларына қолдау көрсетіп отырған мекеменің бірі «Ырыс» микроқаржы ұйымы. Аталмыш ұйым арқылы қолдау тауып отырған "ЭкоМёд" ЖШС-нің жұмысы бүгінде жүйелі жолға қойылған. Серіктестіктің директоры Гульсиной Серикбаева ара шарашылығын дамыту үшін қаржы ұйымынан төмендетілген жылдық мөлшерлеме негізінде 5 млн. теңге несие қаражатын алып, оған 480 дана ара ұяшығын сатып алған. Айтуынша, әр ұяшықтан шамамен 20-25 кг., әсел өнімін алады. Биыл шаруашылықта Австрия елінен 1 дана асыл тұқымды бал арасы сатып алынды. Сондай-ақ Украинадан 2 дана асыл тұқымды карпаттық бал аралары әкелінді. Омарташының айтуынша, араның бұл түрлері балды жақсы жинайды әрі ауа-райына жылдам бейімделеді. Бір күнде омарташы болу мүмкін емес. Негізгі қиындығы араларды күтіп баптаудың ерекше тәсілдерін меңгеруде, сонымен қатар белгілі бір табиғат жағдайларына сай келетін араларды таңдай алуда, - дейді омарташы Гульсиной ханым. Сондықтанда, олар ара сатып алуда олардың түрлеріне айрықша көңіл бөледі. Мұнда балдың карпаттық, аққурай және таулы түрлерін шығарады. Аталмыш шаруашылық өндірілген өнімдерін Қазақстанның солтүстік және орталық областарына жөнелтеді. Тіпті, бүгінгі таңға дейін өнімдерін көрші Ресей еліне де экспорттап үлгеріпті. Осылайша, елімізде омарташылықты дамытуға тікелей үлес қосып отырған "ЭкоМёд" ЖШС болашақта да «Ырыс» микроқаржы ұйымының қолдауына жүгіне отырып, өнімінің сапасын және көлемін арттыруды және шаруалығын әрі қарай кеңейтуді жоспарлап отыр.