«Ақсанат инжиниринг» ЖШС, Тулкібас ауданы.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бекіре тұқымдас балықтар мен форельдер өсіретін уникалды кәсіпорын.
Қаржыландыру сомасы – 68,1 млн. теңге
Өндірістік қуаттылығы – 90 тонна бекіре/жылына
Алтын уылдырық өндіру – 2-3 тонна/жылына
Жоба Аймақтық индустриаландыру картасына кіреді
31 жаңа жұмыс орны ашылған
Зауыт Германия, Араб эмираттары, Израиль сияқты елдерде қолданылатын балық өсіру жабдықтарымен жабдықталған. Қондырғы балықты өсіруді толықтай компьютерленген жүйемен бақылайтын қондырғымен жабдықталған. Шабақтар цехында 200 мың уылдырықты бір уақытта немесе 50 мың бес граммдық жас бекіре балықтарды өсіруге болады. Зауытта таза тұқымды бекіре балықтар өндіріледі: сібір бекіресі, орыс бекіресі, ақсерке, сүйрік. |