16 Декабрь 2020

Құрметті отандастар!

Барша қазақ елін бақытымыздың бастауы болған ең ұлық мереке - тұғыры биік - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ата-бабаларымыз армандап күткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру бүгінгі ұрпақ үшін зор бақыт. Ынтымағы мен татулығы жарасқан, беделді де айбынды еліміздің тәуелсіздігі баянды, келешегі кемел болғай! Бірлігі мығым, абыройы асқақ, мерейі үстем егемен еліміз көркейе берсін! Еліміздің көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!

Әр отбасына татулық пен ырыс-береке тілейміз. Тәуелсіз еліміздің төл мерекесі құтты болсын!