• baner_yrys__kaz

«Ырыс» МҚҰ «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС және «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-ң еншілес ұйымы болып табылады.

«Ырыс» микроқаржы ұйымы несиелендіру нарығында 2009 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. 

ОҚО-ң барлық аудандарында микроқаржы ұйымының аймақтық өкілдері жұмыс жүргізеді. 

"Ырыс"микроқаржы ұйымының негізгі мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік бағыттағы салаларын несиелендіру арқылы, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту. "Ырыс" МҚҰ ұсынған шарттар қол жетімді болу үшін, барынша жеңілдетілген. Мұнда, жұмыс жасап тұрған бизнес жобалармен қатар,бастапқы бизнес жобалар да қаржыландырылады.Бүгінгі күнге дейін берілген микронесиелер, қаржыландыру көзіне байланысты жылдық сыйақысы 6 - 14 пайызбен таратылады. Айта кету керек, ұйым тарапынан қаржыландырылған жобалардың 90 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан.

«ЫРЫС» МҚҰ-ң АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  1.  Облыстағы жылдық сыйақысы 7 пайызды құрайтын жалғыз микроқаржы ұйымы.
  2. Аудандарда аймақтық менеджерлері қызмет атқарады.
  3. Ауылдық жерлерде жылжымайтын мүліктерді кепілге алады.
  4. Қызмет көрсету бойынша комисиялық шығындары жоқ.
  5. Қаржыландырудың қолайлы шарттарын таңдаған. Яғни, әр жобаның ерекшеліктеріне қарай жеңілдетілген төлем кестесі жасалынады.

«ЫРЫС» МҚҰ ЖЕТІСТІКТЕРІ

 

2013 жылы ҚР ауылшаруашылығы Министрлігі тарапынан «Ырыс» МҚҰ-ң ауылшаруашылығына қосқан үлесі үшін құрмет грамотасы берілген

2014 жылы «Ырыс» МҚҰ-на «B stable» рейтинг агенттігінің «Microfinanza Rating» рейтинг бағасы бағасы берілген

СЕРІКТЕСТЕР

Go to top