28 Июнь 2017

Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Қазіргі заманды ақпаратсыз елестету өте қиын, сондықтан да біз телеарналар мен радио, мерзімді баспасөз басылымдарының қызметкерлерін, жалпы алғанда, біздің әлемімізді ақпаратпен байытып отырған барлық  БАҚ-ның өкілдерін құрмет тұтамыз.

Шын жүректен Сіздерге шығармашылық шабыт тілеп, жаңа бастамаларыңыз жүзеге ассын деймін. Отбасыларыңыз бен жақындарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

 

Ізгі ниетпен,

Қуаныш Байтөре

«ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасы