Құрметті, отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Елбасының дана саясаты ұлт тарихында алтын әріппен жазылған. Нұрсұлтан Назарбаев ел тәуелсіздігінің қиын-қыстау кезеңінде елдің әлеуетін тіктеп, тәуелсіздік тұғырын нығайтқаны баршамызға мәлім.
Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні баршаңызға бейбітшілік, құт - береке, бақыт және Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін еңбекте жаңа жетістіктер тілейміз!
