• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дубайдағы инвестициялық кездесуде ОҚО-ның инвестициялық өсу драйвері зерттелді
20 Апрель 2018

     Оңтүстік Қазақстан облысына инвестиция тарту және «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен«Ырыс» микроқаржыұйымы қаржыландырған жобалардың өнімдерін экспортқа шығару процесін ілгерілету мақсатында ОҚО делегациясы Дубай қаласында өткен жыл сайынғы жаһандық инвестициялық кездесуге қатысып қайтты.

      «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығын экспорттық әлеуетті дамыту және инвестиция тарту мәселелері бойынша жұмыс тобының жетекшісі, Басқарма төрағасының орынбасары А.Қансейіт және «Ырыс» микроқаржы ұйымы директорының орынбасары С.Тулендиева таныстырды. G-Global Development Community өкілдері ретінде ОҚО делегациясы ең жоғары ВИП қатысушы мәртебесін алып, 140 мемлекеттің 15 мың қатысушысы тіркелген барлық ауқымды іс-шараларға толық қатысу мүмкіндігіне ие болды. Арнайы конференцияларға сала көшбасшылары, аймақтық және халықаралық ортадағы негізгі акционерлерден құралған 1 500 делегат қатысты. Көрме павильонында 500 стенд орнатылып, онда түрлі қатысушы компаниялардың өнімдері ұсынылды.  

     Шара барысында А.Қансейіт ханым аталған шараның басшылығы Marketing Exhibitions Conferences компаниясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің экономика Министрлігімен кездесті. Сондай-ақ, Q-Line, HKTDC, Steel Wood Industries FZCO, Грузия туризм ұлттық әкімшілігі, Azizi Developments құрылыс компаниясының басшылығы, Oxford Property Investments, Balcanco, Dubai properties, FAM Properties және басқа да компаниялар мен келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. Кездесудің шетел қатысушыларына компания туралы материалдар, оның ішінде «Invest in South-Kazakhstan region» бейнеролигі көрсетіліп, www.kazinvestor.com интернет ресурсы таныстырылды.

     Келіссөздер барысында ОҚО-ның экспортқа бағдарланған инвестициялық жобалары бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланып, инвесторларға ұсынылған әлеуметтік тұрғын-үй, ОҚО бизнес орталықтары және инфрақұрылымдық нысандар құрылысы туралы жобалар бағаланды.

     Сондай-ақ, кездесулер аясында делегация Дубай және Абу-Даби қалаларындағы туристік әлеуеттің даму барысымен танысып, инвесторларды тарту және бизнес-климатты дамыту мақсатында туризм инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша тәжірибесін зерттеді.

      Marketing Exhibitions Conferences компаниясымен кездесу барысында ОҚО-ға инвесторларды тарту бойынша меморандумға қол қою мәселесі талқыланды.

     Іс-шара және БАӘ қалаларын зерттеу қорытындысы бойынша А.Қансейіт БАӘ-нің инвестициялық ахуалы және бизнесті дамытудың негізгі факторлары бойынша толық ақпарат берді. Алдағы уақытта талдау нәтижелері ОҚО-ға инвестиция тарту және экспорттық әлеуетті дамыту бойынша «ОҢТҮСТІК» АИО тарапынан стратегия жасау барысында ескерілетін болады. Айта кету керек, шара қорытындысы аясында ОҚО инвестициялық инфрақұрылымын дамыту бойынша арнайы стратегиялық бағдарламасын әзірлеу жоспарлануда.

       «ОҢТҮСТІК» АИО баспасөз қызметі