11 Апрель 2018

ОҚО әкімінің кеңесшісі С. Мажитов пен ОҚО кәсіпкерлік және индустриалды даму басқармасының басшысы Б. Құрмансейіттің қатысуымен «ОҢТҮСТІК» АИО және «Ырыс» МҚҰ басшылығының Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ичиро Кавабата мырзамен кездесуі өтті.

 

Жапония елшісі компанияның қызметімен жан жақты танысты,   сонымен қатар, тараптар өзара тәжірибе мен технологияларды енгізу бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Жапония заманауи технологиялар мен автоматтандырылған жабдықтардың көзі, сондай-ақ, қайта өңдеу бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі болып табылатыны бәрімізге белгілі. Біздің компания облыста қайта өңдеу бағытын дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Осы орайда, қайта өңдеуге арналған жабдықтарды сатып алу бойынша тығыз ынтымақтастық орнату арқылы, кәсіпкерлер үшін біз арқылы оларды лизингке алу мүмкіндігі пайда болады», - деді Қ.Байтөре.

Кездесу барысында, компанияның экспортқа бағытталған бағдарламалары - RIC ON EXPORT және RIC ON KORME бойынша толық ақпарат берілді. Айта кету керек, бүгінгі таңда облыс бойынша аталған бағдарламалар аясында ауқымды іс- шаралар жүргізілуде.