30 Март 2018

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017ж. 14 шілдедегі № 195 қаулысыннегізге ала отырып Наурыз  айында ОҚО Ауылшаруашылық басқармасы, «ОҢТҮСТІК» АИО және "Ырыс" МҚҰ мамандары облыстың барлық аудандарына қызметтік іс-сапарға шығып шаруалармен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты -үздік тауар өндірушілердің базасында агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруалар арасында практикалық семинар, тренингтер өткізу.

Кестеге сәйкес облысымыздың барлық аудан, қалалары қамтылып, кәсіпкерлермен өткен жиында қожалық басшыларына жанар-жағар майдың операторлары,бағасы және субсидия бөлу мәселелері,сонымен бірге қаржы институттарынан несие алудың шарттары түсіндірілді.

Сондай-ақ, «ОҢТҮСТІК» АИО бас менеджері Н.Ачилов «ОҚО фермерлері және кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетінің негізігі өсу факторлары» тақырыбында мастер-клас өткізіп, шаруаларға экспортқа шығу жолдарын түсіндірді.

            Көшпелі кездесулер барысында шаруаларды толғандырған сұрақтарға толығымен жауап берілді. Сондай-ақ, шаруалар тарапынан бірқатар ұсыныстар ортаға салынып,қызу талқыланды.