24 Февраль 2018

Еліміздегі бірнеше министрліктерінің өкілдері мен ҚР Жоғарғы соты және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі өкілдері Оңтүстіктің кәсіпкерлерімен кездесті.

 inf raz rab web
Кездесудің негізгі мақсаты кәсіпкерлерге еліміздегі бизнес климатты жақсарту аясындағы жетістіктер, реформалар мен саясат туралы толық және жан жақты ақпарат беру болып табылады.
Осы орайда форумға «ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасының орынбасары Ақмарал Байсейітқызы қатысып, компанияның атқарған жұмыстары және алдағы жоспарларымен таныстырды.
Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын орталық мемлекеттік органдардың өкілдеріне тікелей айту мүмкіндігіне ие болды.