21 Февраль 2018

ОҚО әкімдігі және «ОҢТҮСТІК» АИО өкілдері Алматы қаласында іскерлік бірлестіктер, жетекші бизнес-қауымдастықтардың мүшелері және жеке кәсіпкерлердің қатысуымен өткен Португалиялық қазақстандық іс шараға қатысты.

rasshiryaya mezhdunarodnogo sotrudnichestva

Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Саттар Фазылұлы Мажитов басқарып, «Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық әлеуеті» тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шара барысында бүкіл аудитория үшін ОҚО-ның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін бейнеролик ұсынылды.

Шараның ресми бөлігінен соң «ОҢТҮСТІК» АИО өкілі Н.Ачилов пен португалиялық ірі кәспкерлердің жеке кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында ынтымақтастық салалары және Шымкентте португал инвесторларының және бизнес өкілдерінің қосымша іс-шараларын ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды.

Сол күні «ОҢТҮСТІК» АИО жұмыс тобы Шымкент қаласында бірлескен іс-шараны ұйымдастыру бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) сарапшыларымен кездесуге қатысты.

Тараптар сондай-ақ АИО әзірлеген әлеуетті жобалардың тізімін қарады. Кездесу нәтижесінде ЕҚДБ Орталық Азия мен Моңғолиядағы ШОБ қаржыландыру және дамыту бөлімінің жетекші банкирі инвестициялық жобаларға және өңірдегі кәсіпкерлерді қолдауға қызығушылық танытты. Сондай ақ, ол 2018 жылдың 30 қаңтарында Шымкент қаласында дайын жобалармен танысу және талқылауға ниетті екендігін тілге тиек етті.

Жұмыс сапарының аясында «Оңтүстік» АИО командасы Азия Даму Банкінің (АДБ) және Дүниежүзілік банктің Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC WB) сарапшыларымен кездесті. Кездесулер барысында «Оңтүстік» АИО тарапынан жасалынған инвестициялық жобалардың тізімі қаралып қызу талқыға салынды. Кездесу қорытындысы бойынша АДБ жеке секторы департаментінің инвестициялар жөніндегі аға қызметкері А.А. Сейсебаев Нобель сыйлығының лауреаты Райвон Чунг тарапынан ұсынылған 60 млн. доллар көлеміндегі  Оңтүстік Қазақстандағы қалдықтарды қайта өңдеу жобасына қызығушылық танытты. Ал, дүниежүзілік банктің Еуропалық және Орталық Азия департаментінің Инвестициялық қызметкері С. Иманова Оңтүстік Қазақстан облысына инвестиция тарту бойынша Шымкентте іскерлік кездесу ұйымдастыруды ұсынды.

Айта кету керек, жоғарыда аталған қаржы институттары инвестицияларды тарту саласында мол тәжірибеге ие және қазіргі таңда олар Орта Азиядағы инвесторлармен жұмыс істеу бойынша «Оңтүстік» АИО-на барынша қолдау білдіруге дайын.

Сонымен қатар, ынтымақтастық «Оңтүстік» АИО қаржылық дайындығын дамытуға, сондай-ақ рейтингтер деңгейін көтеруге және жетекші инвестициялық қорлардың халықаралық қаржылық ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп күтілуде.