21 Февраль 2018

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен сингапурлық қаржылық компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

v kanun dnya pervogo prezidenta

Ондағы мақсат-  орталық  жобаларына шетел инвестицияларын тарту және экспорттық әлеуетін дамыту болып табылады. 

Сингапурдың инвестициялық қорларының атынан жұмыс жүргізетін компания Таиланд, Монғолия және басқа да Азия елдерінде инвестиция тарту бойынша айтарлықтай тәжірибеге ие.  Осы орайда  ынтымақтастық, жетекші инвестициялық қорлардың халықаралық қаржы ресурстарына қол жеткізуі үшін компаниялардың қаржылық дайындығының деңгейін кезең-кезеңмен дамытуға мүмкіндік тумақ. Сондай-ақ, қарызды қаржыландыру немесе үлестік қатысу арқылы компанияны қаржыландыру және де Шымкентте халықаралық инвестициялық хаб құру мүмкіндігі қаралуда. 

Бүгінде  Оңтүстік Қазақстан облысы жаңа қаржы көздерін дамыту бойынша ең белсенді әрі жетекші бизнес орталығы болып табылады. Осының аясында меморандумның шарттарын іс жүзінде жүзеге асыру шеңберінде шетелдік инвесторларға таныстыру үшін облыстың  100 бизнес және әлеуметтік жобасын іске асыру жоспарлануда. 

Айта кетейік, «RIC ON EXPORT» экспорттық әлеуетті дамыту бағдарламасының аясында қос тарап  өңіріміздің  экспортталатын өнімдеріне Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан сұранысқа ие жобаларға инвестиция салу мәселесін зерттеу ісі қолға алынбақ.