04 Май 2017

Кооператив  құрудың    артықшылықтары  және оған мемлекет тарапынан көрсетілетін  жеңілдіктерді түсіндіру бойынша  кезекті семинар Шардара  ауданында   өтті.

Оған Шардара ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы, «ОҢТҮСТІК» АИО жобаларды жүзеге асыру департаменті директорының орынбасары, «Ырыс» МҚҰ, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының аймақтық өкілдері қатысып, шаруаларға кооперативті қалай ашу және оның жұмысын әрі қарай қалай жүргізу керектігі жөнінде түсініктеме берді.

«ОҢТҮСТІК» АИО жобаларды жүзеге асыру департаменті директорының орынбасары А. Сауранбаевтың айтуынша, кооперативтер жабдықты лизингке алу арқылы жабдықтың ерекшелігіне қарай инвест-субсидия алып қайтарымсыз ақшаға қол жеткізу мүмкіндігіне ие. Мұның тағы бір артықшылығы сол инвест-субсидия лизинг бойынша алғашқы жарна ретінде қабылданып, жабдықтың өзі кепілзат бола алады, - деді ол.

Сонымен қатар, кездесу барысында шаруалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандар арқылы тұшымды жауаптарын алды.