09 Март 2017

Назарларыңызға «ОҢТҮСТІК» АИО-ның несиелендіру тетігін ұсынамыз. Келесі қадамдарды орындай отырып, Сіз жеңілдетілген несиеге қол жеткізе аласыз.

1-ҚАДАМ

КЕҢЕС АЛУ:

Компания қызметкері несие алу процесін толық түсіндіреді. Сіз, әрі қарай қарау және қаржыландыру үшін жобаның басым бағыттарға сәйкес/сәйкес еместігін тексеруге анкета толтырасыз. Одан соң компания қызметкері сізге құжаттар тізбесін ұсынады.

2-ҚАДАМ

ӨТІНІМДІ ҚАРАСТЫРУ:

Қарастыру және қаржыландыру/бас тарту туралы шешім қабылдау үшін Сіз тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынуға тиіссіз.

Сіздің құжаттарыңыз келесі кезеңдерде қаралады:

1. ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІНІҢ САРАПТАМАСЫ –

Сіздің несие тарихыңыз және құқық қабілеттілік/әрекет қабілеттілігіңізді тексеру

2. ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ШЫҒУЫ –

Қызметкерлер бизнес орнына және ұсынылған кепіл мүлкі орналасқан жерге барып тексереді.

3. МҮЛІКТІ БАҒАЛАУ БОЙЫНША ЕСЕП САРАПТАМАСЫ –

Маман бағалау есебінің нарықтық құнға сәйкестігіне сараптама жүргізеді.

4. ЗАҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ САРАПТАМАСЫ –

Маман Сіз ұсынған құжаттардың ҚР заңнамасына сәйкестігі бойынша құқықтық сараптама жүргізеді.

5. ТӘУЕКЕЛ-МЕНЕДЖЕРІНІҢ САРАПТАМАСЫ –

Сіздің жобаңыз және қаржылық жағдайыңыз бойынша тәуекелдерге талдау жүргізіледі.

6. ЭКОНОМИКАЛЫҚ САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ –

Сіздің несие менеджеріңіз бизнесіңіздің инвестициялық мүмкіншіліктері, несие қабілеттілігі бойынша, кепіл мүлкінің өтімділігі және төлем қабілеттілігін анықтау және бағалау бойынша қаржы талдамасын дайындайды.

7. ЖОБАНЫҢ БАСҚАРМА ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛУЫ –

Басқарма («ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС қызметкерлері) жобаның Ішкі құжаттамаларға сәкестігін тексереді және қарастыру үшін Бақылау Кеңесіне кіргізеді.

8. БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІ (ОҚО әкімдігі, мәслихат депутаттары) қарастыра отырып, жобаны қаржыландыру/қаржыландырмау туралы шешім қабылдайды.

3-ҚАДАМ

Қорытынды қараудан кейін Сізге мақұлдау немесе бас тарту туралы хат жіберіледі. (бас тартқан жағдайда, себебі көрсетіледі)

ЖОБАҢЫЗ МАҚҰЛДАНҒАН ЖАҒДАЙДА маман тарапынан кепіл Шарты жасалынып, сізге ҚР тіркеу органдарында кепіл мүлкін тіркеу үшін беріледі.

4-ҚАДАМ

Сіздің тарапыңыздан тіркелген кепіл Шарты көрсетілгеннен соң, ҚАРЖЫ БАНКТЕГІ ШОТЫҢЫЗҒА АУДАРЫЛАДЫ.

5-ҚАДАМ
АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫҢ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ:

Несие алған соң Сіз 3 (үш) айдан кешікпей несие қаражатын мақсатты пайдаланғаныңыз жөніндегі құжаттарды ұсынуыңыз қажет. Алынған несие қаражаты қаржыландыру шарттарына сәйкес жұмсалуы тиіс. Жаңа жұмыс орындарын ашу және оны растайтын құжаттарды өткізу, сондай-ақ басқа да Сізге жүктелген барлық міндеттемелер орындалуы қажет.

Несие/лизинг берілген соң келесі мониторинг жұмыстары жүргізіледі:

  - несие алушының қаржылық жағдайы бойынша мониторинг;

  - кепілге қойылған мүлік мониторингі;

  - бизнес-жобаның мониторингі.

Қаржылық жағдай бойынша мониторинг және кепілге қойылған мүлік мониторингі жобаларды бақылау бөлімшесінің қызметкерлерімен жылына кемінде 1 (бір) реттен жүргізіледі.

МІНДЕТТЕР ОРЫНДАЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА, МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН ҚАРАЖАТТЫҢ 25 ПАЙЫЗЫ КӨЛЕМІНДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ.