04 Январь 2017

2016 жыл «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығында елеулі өзгерістермен есте қалды.

      Жыл басында компания басшылығы ауысып, ұжым жаңа қарқынмен жұмыс жасай бастады. Оңтүстікте алғашқы болып, орталықта компанияны трансформациялау жұмыстары қолға алынды. Алдыментрансформациялау бағдарламасының мақсаттары мен бастамалары анықталып, нақты іс - шаралар жоспары әзірленді және тиімді басқарудың жаңа жүйесіне ену үшін, "Ребрендинг" бойынша жұмыстар басталды. Аталмыш науқан 2016 жылдың қазан айында аяқталып, компания өзінің жаңа логотипін және «ОҢТҮСТІК» АИО» деген атауын жариялады.

Жыл басына қайта оралатын болсақ, 2016 жылдан бастап инвестициялық орталық көктемгі егін егу жұмыстарын қаржыландыруды бастады. Бұл орайда қаражат тарту көзі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ болды. Ал, еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымына биыл «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан қаражат тартылды.

Ал мамыр айында «Томирис» Польша-Қазақстан бизнес орталығы» ЖШС басшылығымен «ОҢТҮСТІК» АИО арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, Польша Республикасының банктері ОҚО-ның кіші және орта бизнес субъектілерін «ОҢТҮСТІК» АИО арқылы қаржыландыратын болды.

Компания «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» акциясын жүргізді. Басшылық пен қызметкерлер бірлесе отырып, облыстағы барлық аудан тұрғындарымен кездесіп, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді және жемқорлыққа қарсы бірге күресуге шақырды.

Бұрынғы премьер-министр Карим Масимов ОҚО-н аралау кезінде, орталық қаржыландырған жоба «Мамлакат» ауылшаруашылық кооперативіне ат басын бұрып, оған оң бағасын берді.

Басқарма төрағасы Арман Нарботаұлы және орынбасары Дәулетқожа Қуанышбекұлы Варшава қаласында Қазақстан және Польша президенттерінің қатысуымен өткен қазақстан-польша бизнес-форумына қатысты. Форум барысында басшылар қаржы институттарының бірнеше өкілдерімен кездесіп, олардың біреуімен шетелдік инвестицияларды тартудағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қыркүйек айынан бастап, орталық 2017 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға құжаттарды қабылдауды бастады. Осы орайда облыстың барлық аудан және ауылдарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Мал шаруашылығын дамытуды қаржыландыру» бағдарламасы бойынша, компания биыл 661 жобаны қаржыландырды.

Жалпы 2016 жылы орталық тарапынан 1608 жоба қаржыландырылып, 4 114 жаңа жұмыс орындары ашылды.

"ОҢТҮСТІК" АИО ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген Мақатарал ауданы кәсіпкерлерінің V форумында "Жылдың ең үздік қаржы ұйымы" атанды.

Жыл соңында компания заманауи талаптарға сай, клиенттер үшін барлық жағдай жасалынған жаңа кеңсеге көшті.

Міне осылайша 2016 жылды аяқтаған "ОҢТҮСТІК" АИО ұжымы нақты және ауқымды жоспарлармен 2017 жылға қадам басып отыр!