03 Октябрь 2016

Қаржы орталығы тарапынан 2017 жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтсақ, қаржыландыруды жедел жүзеге асыру үшін ОҚО аудандарында суб-офистар құрылды.

Сондай-ақ көктемгі егін егу жұмыстарын қаржыландыру ең басым бағыт ретінде қаралып, аталмыш бағыт бойынша келіп түсетін өтінімдерді қарастыру мерзімі мүмкіндігінше қысқартылды.

Облыс тұрғындарына және шаруаларға қаржыландыру шарттарын түсіндіру бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Қыркүйек айының 26-28 аралығында арнайы 5 жұмысшы топ құрылып, 14 аудан/қалаға қарасты 33 ауылдық округте жиналыстар өткізді. Кездесулер жалпы 173 ауылдың тұрғындарын қамтыды. Жиын барысында қаржы орталығы арқылы берілетін несиенің талаптары мен жеңілдіктері туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы көктемгі егін егу жұмыстарына қаржының кеш келуі салдарынан көптеген шаруалардың несие алуға мүмкіндіктері болмағандығы айтылып, алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмау мақсатында келесі жылға қажетті несиеге бүгінгі күннен бастап тиісті құжаттарын жинақтап, ұсыныс беруді бастау керектігі айтылды. Сондай-ақ кездесуге қатысқан тұрғындардың ішінен несие алуға ниет білдіргендердің өтінімдері де қабылданды.