12 Август 2016

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Ал, біздің компанияның басты мақсаты болса, тиімді инвестициялық саясат арқылы ОҚО экономикасын дамыту, экономиканың басты бағыттары бойынша жобаларды қаржыландыруда сырттан инвесторлар тарту арқылы аймақ кәсіпкерлерінің қаржы ресурстарға қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Аталмыш мақсатқа сүйене отырып, біздің компанияда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ, деп нақты айта аламыз!

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы! Сондықтан, заңдылықтың бұзылуын анықтаған жағдайда бізге хабарласуыңызды сұраймыз!!!

«ОҢТҮСТІК» АИО қауіпсіздік қызметінің басшысы - Маралов Алихан

Жұмыс нөмірі: +7 (7252) 36-54-84 ішкі. 117

«Ырыс» МҚҰ қауіпсіздік қызметінің басшысы - Исаев Данияр

Жұмыс нөмірі: +7 (7252) 36-54-85 ішкі. 215