08 Август 2016

«ОҢТҮСТІК» АИО және «Ырыс» МҚҰ-ның басшылығы мен өкілдері Төле би ауданына қарасты Ленгір қаласының кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлерді қолдау құралдары және де жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысы талқыланды.

Осы орайда «ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасының орынбасары Д. Мамыров кәсіпкерлерді бұл «індетке» қарсы бірге күресуге шақырды.

Айта кетейік, шараға кәсіпкерлерден бөлек аудандық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және «Ырыс» МҚҰ-ның аймақтық менеджерлері де қатысты. Жиын барысында қатысушылардың барлығы өздерін қызықтырған сұрақтардың жауабына қанық болып қайтты.