Бүгін баршамызды Ұлттық валютамыз - Теңге және көп жылдардан бері қалыптасқан Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлері атап өтетін біздің кәсіби мерекеміз - Қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің қаржы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың оңды нәтижелері алдағы уақытта да Қазақстан экономикасының қаржылық әлеуетін дамытуға және нығайтуға бағытталып, кәсіпкерлік сектордың қаржылық сәттілігіне ықпал ете берсін. Сіздерге амандық, жемісті жұмыс, кәсіптік табыс, еңбек жолында көтерілу және жаңа белестер тілейміз!