Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында проблемалық жағдайдың туындауына ("COVID-19" пандемиясы) және төтенше жағдай мен карантин режимінің жариялануына байланысты Түркістан облысының әкімдігі «Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді 2020 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бюджеттік несие беру» жобасын іске асыруда.
Жобаны іске асыру жөніндегі серіктес болып табылатын "Ырыс "МҚҰ" ЖШС арқылы пандемиядан зардап шеккен Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері үшін ауыспалы егіс шеңберінде 2 егісті ұйымдастыру үшін қолжетімді және тиімді бюджеттік несие ұсынылады.
Қаржыландыру шарттары:
Бюджеттік несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі- 0,01%;
Бюджеттік несиені пайдалану мерзімі-2020 жылғы 10 қарашаға дейін;
Қаржыландыру лимиті-1 гектарға 200 000 теңге.
Аталған Бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру 2021 жылға да жоспарлануда.
Несие алуға өтінімдер Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 321, "Ырыс "МҚҰ"ЖШС мекен-жай бойынша қабылданады.