Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 13 шілде күнін - Короновирус құрбандары үшін Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Осы орайда, дерт жалмаған барлық асыл жандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Сырқаттанып, ауырып жатқан адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз! Халқымызға күш-қуат, сабыр тілейміз! Біз бірлессек ғана, бұл дертті жеңе аламыз! Бұл қиындықты да артқа тастарымызға сеніміміз мол. Аман-сау болыңыздар!