Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 жарлығының негізінде төтенше жағдайды енгізуге байланысты, «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС-мен қаржыландырылған шағын және орта кәсіпкерлік субектілеріне, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге, келесі қолдау шаралары көрсетіледі:
- қарыз алушылар/лизинг алушылар өтініш білдірген және олардың қаржылық жағдайының нашарлауы расталған жағдайда 2020 жылдың 15 наурызынан бастап төтенше жағдай аяқталғанға дейінгі кезеңге, негізгі қарызды және сыйақыны өтеу бөлігінде қарыз және лизинг шарттарының талаптарын бұзғаны үшін өсімақы және айыппұл есептеуді тоқтату;
- негізгі қарыз және сыйақы төлемдерін төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде 90 күн мерзіміне кейінге қалдыру.
Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге төлем мерзімін кейінге қалдыру және/немесе қайта құрылымдау мәселелері тек Төтенше жағдай режимінің әрекет ету кезеңінде сатылған тауарлар және (немесе) көрсетілген қызметтер көлемі төмендеген, сатып алушылар тарапынан төлемдер мерзімі кешіктірілген, тоқтатылған, өзгертілген (кейінге шегерілген), қызметкерлердің штаттық саны қысқартылған немесе өзге де объективті себептерге байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушыларға қатысты қаралады.
«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС, өз кезегінде, төлем мерзімін кейінге қалдыру және/немесе қайта құрылымдауды ұсыну бойынша келесі нұсқаларды қолдана алады:
- Қарыздың/лизингтің барлық қалған мерзіміне негізгі қарыз сомасын біркелкі бөлу;
- Төлемді кейінге қалдыру мерзіміне қарыз/лизинг шартын ұзарту;
- Кейінге қалдырылған төлемдерді несиелендіру мерзімінің соңына немесе Қарыз алушы өтініш білдірген мерзімге қалдыру;
Шағын және орта кәсіпкерлік субектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер өтінішті кез келген уақытта бере алады және ол 10 жұмыс күнінің ішінде қаралады.
Сондай-ақ, «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС төлемдерді тоқтату және тиісті шарттарды өзгерту туралы өтінішті қарағаны үшін комиссия және өзге де төлемдерді алмайды.
Шағын және орта кәсіпкерлік субектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер қаржылық жағдайының нашарлағаны туралы еркін формада өтініш жазып, аталған өтініш пен құжаттарды сканерден өткізіп немесе суретке түсіріп, онлайн-арналар бойынша жіберулері тиіс.
«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС байланыс құралдары:
Электрондық мекенжай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Телефон: 8 725 33 4 30 14
Whatsapp: 8707 838 55 00