Түркістан облысының шаруалары мен фермерлері үшін ауылшаруашылығы дақылдарын егудің қызу кезеңі басталуда.
Мемлекет және облыс әкімдігі тарапынан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаражаты есебінен төменгі сыйақы мөлшерлемесімен көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру түрінде қаржылық қолдау көрсетілуде. Әрбір жер иеленуші 2020 жылға көктемгі егін және жинау жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру алу мүмкіндігі бар.
Осыған орай, «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС және «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС 7 % жылдық мөлшерлемесі бойынша 2020 жылдың 20 қарашасына дейін қайтару мерзімімен көктемгі егін және жинау жұмыстарын жүргізуді несиелендіру бағдарламасы бойынша жыл сайынғы қаржыландыруға өтініш қабылдауда. Сонымен қатар, «Ырыс» МҚҰ 20 млн. теңгеге дейін, ал «ОҢТҮСТІК» АИО 20 млн.тг астам сомаға қаржыландыратынын еске саламыз.
Қаржыландыру келесі дақыл түрлеріне бөлінеді: дәнді дақылдар, майлы дақылдар, техникалық және бақша дақылдары.
Қаржыландырудың негізгі шарттары:
• Негізгі қарызды және несие бойынша пайызды өтеу – кестеге сәйкес мерзім соңында;
• Мерзімінен бұрын өтеу – толық немесе ішінара өтеу кез келген уақытта айыппұл санкцияларын есептеусіз жүзеге асырылады.
Көктемгі егін және жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру жеке тұлғаларға, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға барлық басым дақылдар бойынша беріледі.
Қаржыландыру 2 түрде жүзеге асырылады:
• несие желісі;
• бір реттік қарыз.
Қаржыландыруды алу үшін кепілдік қамтамасыз ету ретінде жер учаскелерінің және жылжымайтын мүліктің болуы шарт.
Өтініштерді қабылдау «ОҢТҮСТІК» АИО, мекенжайы:
Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы, 321
Эл. пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Тел: 8 72 533 (4 30 14)
Өтініштерді қабылдау «Ырыс» МҚҰ , мекенжайы:
Эл. пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Тел: 8 72 533 (4 22 73)