21 Январь 2020

2020 жылдың 20 қаңтарында Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев өңірдегі кәсіпкерлік, инвестициялар және экспорт,туризм,табиғат қорғау салалары бойынша 2019 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баспасөз жиынын өткізді.

Жиын барысында Мейіржан Иябайұлы, 2019 жылы «ОҢТҮСТІК «АИО» және «Ырыс «МҚҰ» бірлесе отырып Мемлекеттік бағдарламалар аясында (Еңбек, Әйел кәсіпкерлермен Жас кәсіпкерлердің стартап проекттерін қолдау) 1,3 млрд. теңгеге 208 жоба қаржыландырып, өз қаражат есебінен Түркістан облысында кепілсіз, 1% жылдық сыйақымен жеңілдетілген несие бағдарламаларын енгізіп келесі санаттағы кәсіпкерлерді несилендірді: 1) 18 бен 29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер («Жас кәсіпкер» бағдарламасы); 2) Көпбалалы аналар («Кәсіпкер Ана» бағдарламасы); 3) Арыс қаласының зардап шеккен кәсіпкерлері («Қамқор» бағдарламасы) бойынша тоқталып өтті.

Сонымен қатар, «ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығы жалпы сомасы 1 514 млн. теңгені құрайтын 33 жобаны қаржыландырды.

Қаржыландырылған жобалардың 8,19 % үлесте мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Бұл бағытта 124 000 млн.теңгені құрайтын 4 жоба қолдау тапты. Одан бөлек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мақсатында «Көктемгі егіс және егін жинау» бағдарламасы бойынша егін шаруашылығына 43% үлес көлемінде 653 900 млн. теңге көлемінде 21 АШТӨ(ауыл шаруашылық тауар өндіруші), жылыжай шаруашылығы бойынша 3,96 % үлесте 60 млн. теңге көлемінде 8 жобаны және басқа да бағыттар бойынша 44,13 пайыздық үлесте 737 млн.теңге көлемінде қаржыландырды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша компанияның портфелі 9,5 млрд. теңгені құрайды. «ОҢТҮСТІК» АИО 2020 жылға 4,5 млрд теңгеге қаржыландыруды жүзеге асыруға жоспарлауда. Осыған сәйкес 2020 жылы 100 га қарқынды бау,4-5 (200-500 басқа) сүт тауарлы фирма, 5 өңдеу нысандары іске қосылуы жоспарлануда.

АИО несие қоржынын сауықтыру мақсатында, тұрақты негізде және қолданыстағы заңнама шеңберінде, проблемалық қарыздарды қайтару бойынша жұмыс жүргізуде. Осылайша, мерзімі өткен және проблемалық қарыздарды қайтару 2020 жылға 2-2, 5 млрд.теңгені құрайды деп жоспарлап отыр.

Облыстың кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қаржыландыру бойынша 2020 жылдың негізгі бағыттары:

· Суару жүйесін дамыту

· Жанұялық үлгідегі тауарлы сүт фермаларын құру

· Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамыту

· Жеміс-жидек дақылдары мен жүзім бау-бақшаларын ұйымдастыру

· Өсімдік шаруашылығында сұрыптау, орау және сақтау қуаттылықтарын құру

· Өңдейтін өндірістерді дамыту

· Қаржылық лизинг

· Көктемгі егіс жұмыстары

  

Сонымен бірге, ҚР Президентінің және облыс Әкімінің тапсырмасын орындау барысында кәсіпкерлерге несие берудің сапасын жоғарылату және коррупцияға қарсы шараларды күшейту мақсатында орта және шағын бизнес субъектілеріне несие беру бизнес-процесстерін автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Және 2020 жылы онлайн жүйесінде несие беруге өту жоспарлануда.

Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы жалпы өткен жылды жемісті аяқтадық деп қорытындылады.