12 Ноябрь 2019

"ОҢТҮСТІК" АИО Түркістан қаласының маңындағы бау-бақша шаруашылығы жобаларын қаржыландыратын болады.

 j6 

       Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеевтің тапсырмасы бойынша, Түркістан қаласының маңында жалпы көлемі 7 мың 700 гектар құрайтын "Жасыл белдеу" жобасы жүзеге асырылуда. Қала маңындағы аумақтарды көгалдандыру болашақта рухани астанасында да, оның айналасында да жаңа микроклиматтың қалыптасуына оң әсерін тигізеді.

         "ОҢТҮСТІК" аймақтық инвестициялық орталығы Кентау қаласының әкімдігімен бірлесіп, жасыл белдеу аумағына кіретін Шаға, Иассы, Оранғай, Қарашық және Үшқайық ауылдық округтерінің кәсіпкерлерімен (шаруа қожалықтарымен, жер учаскелерінің иелерімен және т.б.) кездесу ұйымдастырды.

         "ОҢТҮСТІК" АИО Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев Түркістан қаласының айналасындағы бау-бақша белдеуін дамыту бойынша бірқатар қолжетімді жобаларды таныстырды. Өрік, жүзім, алмұрт, алма, алхоры, шабдалы және шие сияқты жеміс дақылдарын өсіру жоспарлануда. Сондай-ақ, ол бақша шаруашылығы, жүзім шаруашылығы және жидектерді өсіру бүгінгі таңда ауыл шаруашылығындағы ең тиімді бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті. Осы бағытты дамыту облыстың ЖӨӨ-ін арттырады.

         Сонымен қатар, кездесуге Түркістан облысының тәлімбақ саласында мол тәжірибесі бар "Амангелді" ЖШС және "Сарыағаш Жер Сыйы" ЖШС тәлімбақтарының өкілдері, сондай-ақ Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Сарыағаш филиалының директоры шақырылды.

Олар шақырылған кәсіпкерлермен тәжірибе алмасты.

         Кездесу аясында тараптар бау-бақша шаруашылығы саласындағы жобаларды қаржыландыру шарттары, сондай-ақ тәлімбақтар мен институт тарапынан агрономиялық қолдау туралы егжей-тегжейлі талқылады.