ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Ғабит Жүндібаев қаржылық мекемелерге арнайы семинар өткізіп, парақорлықтың түбі темір тордың арғы жағына баратыны жайылы түсіндіріп өтті.
Семинарға «Оңтүстік» АИО» несие бөлімінің басшысы Маркен Өнербаев және несие бөлімінің қызметкерлері қатысты. «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің директоры Данияр Арынғазин, несие бөлімінің басшысы Мұхит Мыңбаев және аймақтық менеджелер сыбайлас-жемқорлыққа қарсы семинарда өз ойларын ортаға салды.
Түркістан облысының жемқорлықпен күресетін мекеменің бас маманы Ғ.Жүндібаев: «Бұрынғыдай параны қорықпай ашық ала беру азайды. Миллиондап алған басшы да, он мың теңге алған қызметкер де жазадан құтылмайды. Жемқорлыққа бірігіп күреске шығуымыз керек. Мемлекеттік қызметкерлердің айлықтарын көтеріп, мемлекетіміз жемқорлықты азайтуға барынша күш жұмсап жатыр. Министр, әкім және үлкен лауазымда отырған басшылар темір торға тұтқыналып кетіп жатқан кезде, қарапайым қызметкердің де тұтқындалуы түсінікті жағдай. Пара беру, алмау үшін – адамда имандылық болу керек.» дейді.
«Біз қызметкерлер арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы семинарларды жылына екі-үш реттен өткізуге тырысамыз. Қажет болса жылына одан да көп өткізуге дайынбыз.» - деп, «Ырыс» мекемесінің директоры Данияр Арынғазин семинарды қорытындылады