2019 жылғы 18 маусымда Шымкент қаласы Түркістан жоғары аграрлық колледжінде ауыл шаруашылығы және АӨК саласындағы мамандар үшін Жазғы мектебі ашылды. Іс-шараның басты серіктесі "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы болды.
Жазғы мектеп фермерлерді, аграршыларды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және АӨК саласындағы оқытушылар мен зерттеушілерді менеджмент, маркетинг, өнім экспорты, коммуникацияны орнату, бірлескен зерттеулер жүргізу мәселелерінде қолдауға бағытталған.
Дөңгелек үстелдің мақсаты өңірдің инновациялық және экспорттық бизнесін дамытуды қолдау үшін білім, ғылым секторларының өзара іс-қимылының жаңа тәсілдерін іске асыру мен ілгерілетудегі сапалы көзқарас және талқылау болып табылады.
Дөңгелек үстелде "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығының, Түркістан жоғары аграрлық колледжінің директоры кеңесшісі және М. Әуезов атындағы ОҚМУ менеджмент және маркетинг кафедрасының аға оқытушысы Нұрбек Ачилов сөз сөйледі.
Нұрбек Ачилов "Коллаборация мен ынтымақтастық арқылы білім, ғылым және бизнес секторларын дамытудың жаңа тәсілдері" тақырыбында баяндама жасады. Үш ұйымның өкілі ретінде - "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы, Түркістан жоғары аграрлық колледжінің кеңесшісі және, М. Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы ретінде, ол аймақтағы ауыл шаруашылығы мен АӨК дамуының негізгі мәселелерін, экспорттық әлеуетті дамыту мәселелерін және аймақтағы қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытушылар, зерттеушілер мен жастарды дайындау қажеттігін атап өтті. Түркістан жоғары аграрлық колледжінің үздік зерттеушілері мен сарапшыларын қатыстыра отырып, ғылыми негізделген, креативті тәсілдер мен идеялардың көмегімен шешу қажет жергілікті кәсіпкерлер мен экспорттаушылардың негізгі мәселелері ұсынылды.
Дөңгелек үстел жұмысына 150-ден астам қатысушылар, оның ішінде Түркістан жоғары аграрлық колледжінің ғалымдары, педагогтары, зерттеушілері, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Түркістан облысының фермерлік шаруашылықтарының өкілдері қатысты.
Іс-шаралар шеңберінде қатысушыларға сауалнама жүргізіліп, оқытушылар мен зерттеушілердің ғылыми жобалар, шетелдік басылымдардағы жарияланымдар және кеңес беру арқылы жаңа табыс көздеріне қызығушылығы бағаланды.
Іс-шара аясында Нұрбек Ачилов өз материалдарын (мақалалар, кітаптар, жарияланымдар), оның ішінде қазақ тілінде орналастыруға болатын веб-ресурстарды көрсетті.
Дөңгелек үстелдің құрметті қатысушысы Оңтүстік Кореяның проф. Ким Кванг Донг болды. Іс-шараның қорытындысы бойынша проф.Ким Кванг Дон Жазғы мектептің қатысушылары үшін тұсаукесер жасауға қызығушылық танытты. Келесі іс-шараның негізгі тақырыбы аймақ экономикасына бағдарланып, колледж қызметін жетілдіру болып табылады.
Жазғы мектепті өтетін барлық қатысушыларды колледж және "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы басшылығының қолы қойылған сертификаттар күтеді. Қатысушылардың үздік жобалары "Оңтүстік" АИО-ға немесе "ЫРЫС" МҚҰ-ға жеңілдетілген қаржыландыру бойынша қаржыландыруға өтінім беруге мүмкіндігі бар.