2019 жылғы 12 маусымда Шымкент қаласы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "КРЕАТИВТІ ЖАСТАР - ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕРЖАВАҒА ЖОЛ ЖӘНЕ "4К - КРЕАТИВТІЛІК, КРИТИКАЛЫҚ ОЙЛАУ, КОММУНИКАБЕЛЬДІЛІК, КОМАНДАДА ЖҰМЫС ІСТЕЙ БІЛУ МОДЕЛІ" АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.
Дөңгелек үстелдің мақсаты "4К: креативтілікті, критикалық ойлауды, коммуникабельдікті және командада жұмыс істей білуді дамыту" моделіне назар аудара отырып, білім беру, ғылым мен тәрбиелеудің жаңа тәсілдерін жүзеге асыру мен алға жылжытуда сапалы көзқарас және талқылау болып табылды.
Дөңгелек үстелде "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығының, Түркістан жоғары аграрлық колледжінің директоры кеңесшісі және М. Әуезов атындағы ОҚМУ менеджмент және маркетинг кафедрасының аға оқытушысы Нұрбек Ачилов сөз сөйледі.
Нұрбек Ачилов "жастардың креативтілігінің негізгі мәселелері мен кедергілері – Global-Green-Eco-Smart үрдістері дәуіріндегі шешімдердің жаңа жолдары" тақырыбында баяндама жасады. Үш ұйымның өкілі ретінде - "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы, М. Әуезов атындағы ОҚМУ және Түркістан жоғары аграрлық колледжінің оқытушысы, ол өңірдегі жастардың креативтілігінің негізгі мәселелерін, экспорттық әлеуетті дамыту мәселелерін және өңірдің және жалпы Қазақстанның алға қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін жастарды дайындау қажеттігін атап өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына 200-ден астам қатысушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ғалымдары, педагогтары, зерттеушілері қатысты.
"Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы дөңгелек үстелдің негізгі бизнес серіктестерінің бірі болып табылады.