25 Июль 2019
- Бұдан бұрын хабарланғандай, 2019 жылғы 5 мамырда өңірге нарықтың мүмкіндігін зерттеу және жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуге шарт жасау мақсатында "Марьяна-Регион" ЖШҚ көтерме-бөлшек компаниясы атынан Татарстан делегациясы жұмыс сапарымен келді.
- Түркістан облысы әкімінің орынбасары М. И. Мырзалиевтің басшылығымен қонақтарға өңірдің жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілердің қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырылды. Тараптар мен мүдделі өндірушілер Татарстан Республикасы, Қазан қаласына Түркістан облысының өнімдерін жеткізу бойынша өзара тиімді ынтымақтастық туралы уағдаласты.
- Жұмыс сапарының жалғасында "Марьяна-Регион" ЖШҚ Казан компаниясының сатып алу жөніндегі менеджері Ю. А. Исиновтың Жетісай ауданындағы жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілермен тәжірибелік кездесуі өтті. Кеңеске Жетісай ауданы әкімінің орынбасары А. Маханбетов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д. Толыбаев, Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығы төрағасының орынбасары З. Бочоришвили және "Ырыс "МҚҰ" ЖШС директоры Д. М. Арынғазин қатысты.
- Келісімдердің нәтижесінде Ю. А. Исинов Жетісай ауданының шаруа қожалықтары мен негізгі жылыжай кешендерін аралап, ұсынылатын тауарлар ассортиментімен танысты. "Марьяна-Регион" ЖШҚ компаниясы жеткізілетін өнімнің сапасы мен көлемін жоғары бағалады және көкөністер мен жемістерді жеткізуге қызығушылық танытты.
- Тараптар қорытындысы бойынша шаруа қожалықтарынан 2000 тоннадан астам бақша дақылдарын сатып алу жоспарланып отырған тауарлар тізімін пысықтады.
- "Марьяна-Регион" ЖШҚ негізгі серіктестері мен жеткізушілері келесі алты шаруашылықтар: "Атамекен Қоғалы" ШҚ, "Арсенал-АД" ШҚ, "ӘДІЛ" ШҚ, "Жупарбек" ШҚ, "Маржан" ШҚ және "Балжан"ӘКК.
- Алдағы уақытта облыс басшылығы жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл облыс аудандарының әлеуетін көрсетуге және өнімнің кең ассортименті бойынша ұзақ мерзімді келісімдер жасауға мүмкіндік береді.
- Бұдан басқа, "Оңтүстік" АИО-да электрондық сауда алаңын әзірлеу жүріп жатыр, ол сандық технологияларды пайдалана отырып, экспорттаушы кәсіпкерлер үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта тестілік нұсқа іске қосылды, онда әркім өз өнімдері туралы ақпаратты орналастыра алады және экспорт нарығында клиенттерді таба алады.
-