• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Үнді инвесторларымен Түркістан облысында «Қасқасу» тау шаңғысы курорты салынады
25 Июль 2019

   Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы Мырзалиев пен «Chaudhary Group (CG Global)» трансұлттық компаниясының өкілдері арасында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдері мен Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәрсенбаев Болат Серғазыұлы қатысты.

export turkestan vstrecha s investorom iz indii 02  

М.Мырзалиев Түркістан облысының бірқатар қолжетімді жобаларын таныстырды,облыстың әлеуетті инвестициялық ахуалы мен ағымдағы қызметі туралы хабардар етті.

Өз кезегінде «Chaudhary Group (CG Global)» компаниясы ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдіріп, келесі жобаларға қызығушылық танытты:

1. «Қасқасу» тау шаңғысы курортының және оның ішінде қонақ үй құрылысы. Осы жобаны жүзеге асыру үшін компания үздік шетелдік тәжірибені пайдалануды, сондай-ақ серіктес ретінде Испания немесе Швейцария мамандарын тартуды жоспарлап отыр.

2. Түркістан облысында қонақ үй сатып алу.

3. Түркістан облысында кеспе өндірісін кеңейту, сондай-ақ облыс аумағында «Food Park» азық-түлік паркін құру.

Анықтама: Chaudhary Group (CG Global) - Үндістан мен Непалда штаб-пәтерлері бар көпұлтты конгломерат. Компания бизнесінің құрамына қаржы қызметтері, тұтыну тауарлары, білім беру, қонақ үй бизнесі, энергетика, тұрмыстық электроника, жылжымайтын мүлік, Биотехнология және баламалы медицина кіреді. Топ бес құрлықтағы 15 түрлі бизнес-тігінен 156-дан астам компанияға ие. CG Global-да 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компанияның жылдық айналымы 2018 жылы 2.7 млрд.

 Сонымен қатар, 2019 жылдың 15 мамырында "Chaudhary Group (CG Global)" өкілдері Түркістан облысына баруды жоспарлап отыр, осыған байланысты 2019 жылдың 1 шілдесіне пайдалануға беру жоспарланған тез тамақтану өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысымен танысу мақсатында Қазығұрт ауданының индустриялық аймағына кездесу және сапар жоспарлануда.

Инвестицияның құны 15 млн. АҚШ долларын құрамақ.

Өндірілетін өнімдер экспортқа бағдарланған болады, тез дайындалатын кеспені Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей сияқты көршілес елдерге экспорттау жоспарлануда.

 

export turkestan vstrecha s investorom iz indii 04  export turkestan vstrecha s investorom iz indii 03