Жеміс-көкөніс өнімдеріне Қазан кәсіпкерлері қызығушылық танытты.
Облысқа жұмыс сапарымен көкөніс, жеміс-жидек және бақша өнімдеімен көтерме-бөлшек сатумен айналысатын компания өкілдері келді. Кәсіпкерлер өңірдің шаруа қожалықтары мен жылыжай кешендерін аралады, олардың ішінде Ордабасы ауданында орналасқан ірі "Аделя" жылыжай шаруашылығын аралады. Шетелдік бизнесмендерді тауардың ассортименті, шығарылатын өнімнің көлемі қызықтырды. Татарстанның кәсіпкерлері өңірде халықаралық сауда үшін жақсы жағдай жасалғанын атап өтті. Өз кезегінде, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев шетелдік бизнесмендермен өткен кеңес барысында өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтті. Ол атап өткендей, облыста экологиялық таза өнімді ірі көлемде жеткізуге үлкен мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар, Облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлер үшін 24/7 call-орталығы жұмыс істейтін болады деп хабарлады. Кез келген сұрақтар бойынша, әсіресе, бизнесті жүргізу және дамыту үшін кедергілер жасалатын болса, хабарласуға болады.
Бүгінгі таңда логистика мәселелері шешілуде және көлемі, сондай-ақ экспортталатын өнімді сақтау шарттары талқыланады. Экспорттаушыларға көмек "Kazakh Export". Мемлекеттік қолдау өнім көлемін ұлғайтуға және өткізу географиясын кеңейтуге бағытталған.