Бүгін Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының бірінші аймақ-аралық форумы ішінде, «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы Қоңратбайұлы Қуаныш Байтөре «Узагротехсаноатхолдинг» Акционерлік қоғамның Басқарма төрағасының орынбасары Хайруллаев Асатоұлы Тулкун Асатоұлымен алғашқы кездесуі өтті.
Екі жақтың өкілдері болашақтағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша Меморандумға қол қойылды.Меморандум шеңберінде Түркістан облысының ауыл шаруашылығы,агроқұрылымдар,механикаландыру өнімділігін арттыру, семинарлар ұйымдастыру және өткізу,мамандарды оқыту және сервистік қызмет көрсетуін ұйымдастыру, еліміздің экспорттық мүддесі негізінде екі жақ стратегиялық бағыттар бойынша бірлескен іс-қимылдар жасауға келісті.