Бүгін, «Оңтүстік» АИО мен «Ырыс» микроқаржы ұйымының «Тәуекел менеджмент және ішкі экономикалық қауіпсіздік қызметі» мамандарының ұйымдастыруымен, кезекті құқықтық сабақ жүргізілді.
Іс-шараға «Ырыс» микроқаржы ұйымы мен «Оңтүстік» АИО-ның аймақтағы және бас кеңсеңдегі барлық қызметкерлері қатысты. Семинарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Гүлмира Төлегенқызы жүргізді.Құқықтық сабақ өткізудегі басты мақсат – Мемлекеттік жемқорлыққа қарсы ісқимыл саясатын, «Ырыс» МҚҰ қызметкерлеріне түсіндіру.
Семинарға қатысушылар жұмыс барысында тұтқындалып,абақтыға қамалған мемлекеттік қызметкерлер жайындағы арнайы бейне роликпен таныстырды.
Гүлмира Төлегенқызы дәріске қатысушыларды сыбайлас жемқорлықпен бірге күресуге шақырды.