12 Июль 2018

«ОҢТҮСТІК» АИО және «Ырыс» МҚҰ басшылығы жылдың маңызды оқиғаларының бірі Халықаралық «Global Silk Road» Жібек жолы елдері қалаларының мэрлері форумына қатысты.

Форумның бірінші күні қатысушылар «Қаланың тұрақтылығы: перспективалық экологиялық технологиялар және экологиялық тұрақтылық» тақырыбын талқылауға кірісті.Талқылауға жаһандық Нобель сыйлығының лауреаты Раэ Квон Чунгпен қоса инвестициялық және инновациялық жобаларды басқару саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты. Профессор Rae Kwon Chung жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын жеткізу және электр энергиясын алыс қашықтыққа сатуға бағытталған халықаралық желіні құруды көздейтін «Жібек жолының Супер желісі» жобасын таныстырды.Ол сондай-ақ«Жер астындағы эко қалалар» тұжырымдамасын ұсынды.Өз сөзінде Раэ Квон Чунг Түркістан облысына барған кезде аймақпен жан-жақты танысқандығын және жобаны іске асыруды дәл осы аймақтан бастау әбден мүмкін екендігін айтты. Өйткені, облыс климаттық ахуалы және Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіне барған кезде профессордың өзі куә болған ғимараттардың ғасырлық жерасты тәжірибесімен өте қолайлы.

Өз кезегінде «ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасының орынбасары Ақмарал Қансейіт қазіргі кезде «жасыл экономикаға» көшу мақсатында Қазақстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Германия және басқа елдердің компанияларымен және инвесторларымен бірлесе бірқатар «жасыл» жобаларды жүзеге асыру жоспарланғандығын жеткізді.

Атап айтқанда, Корей Қоршаған орта Корпорациясы Түркістан облысы және Түркістан қалаларында қалдықтарды өңдеудің жаңа жүйесін құру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізужобасын жүзеге асыруға мүдделі.

«Жобаларды іске асыра отырып, біз Түркістан аймағын Қазақстандағы жасыл хабқа айналдырамыз, ол экономиканың барлық секторларын, оның ішінде бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін электр қуатына байланысты агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды қамтамасыз етеді», - деді А.Қансейіт.

Түркістан қаласын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы және циркуляциялық ресурстарды басқару жүйесі саласында тәжірибе алмасу мәселелері әрі қарай Кохла Ярве (Эстония) қаласының мэрі Людмила Янченко, G-Global Business Portal дан Х.З.Барабанер және Д.Цыро, сондай ақ, Еуразия Ұлттар Ассамблеясының (Үндістан) тең төрағасы Синь Далбир мырза, Eventi Kazakhstan (Италия) дан Элизабетта Лафранки және Ichi қорының негізін қалаушы және төрағасы, «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымының вице-президенті (Норвегия)Торби Вестбимен өткізілген кездесулер мен келіссөздерде жалғасын тапты.

Айта кету керек, Рае Квон Чунг мырза және Қоршаған орта Кореялық Корпорациясының Жаһандық жобалар бөлімінің бас директоры Ю Дже Чеон мырзаның облысымызға сапарының қорытындысы бойынша Түркістан қаласының дамуына және қаланың қалдықтарын қайта өңдеу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруға баса назар аудару ұсынылған болатын.Қазіргі таңда «Оңтүстік» АИО алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін «жасыл экономикаға» көшу аясында көшбасшы елдердің тәжірибесі бойынша зерттеулер жүргізіп, алдағы уақытта өңірдің жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторлармен және сарапшылармен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Осылайша, «ОҢТҮСТІК» АИО болашақта ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ететін аймақтың «жасыл экономикаға» көшудегі қозғаушы күші болып қалмақ.

     

                                                                                                                                                                         

«ОҢТҮСТІК» АИО баспасөз қызметі