«ОҢТҮСТІК» Аймақтық Инвестициялық Орталығы және Geneva Business School халықаралық мектебі бірлесе отырып, Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінің конференциялар залында«Invest Day» шеберлік сағатын өткізді.
Шара барысында өсу мен даму үшін инвестициялық мүмкіндіктер ашқысы келетін ірі кәсіпорын иелері мен басшыларына инвестицияларды тарту процесі, инвестициялық қажеттілікті есептеу, инвесторлардың жобаларға қойылатын талаптары сияқты өзекті тақырыптар кеңінен түсіндірілді.Шеберлік сағатының негізгі спикерлері ОҚО-дағы бизнесті дамытуға 53 млрд.теңгеден астам қаржылай қолдау көрсеткен «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының басшысы Қ.Байтөре және 30 млн.теңгеге дейін жеке инвестициямен айналысатын Индустрия және Сауда экс Вице-Министріжәне кәсіпкер Н.Раев өте қызықты ақпараттармен бөлісіп, қатысушыларға өз кәсібін қалай ашу және кеңейту туралы жан-жақты толық мәлімет берді.
Н.Раев инвесторлардың сипаттамасын айшықтап, олармен бизнесті дамытудың әр түрлі циклдарында қалай жұмыс істеу керектігін түсіндірді. Практикалық құрал ретінде, компанияның құны мен мультипликаторлық есептеуін ескере отырып, компанияның құнын көбейту және қосып алудың (жұту) үлгісі көрсетілді. Аудитория инвестицияларды тарту және компанияға лайықты инвесторларды іріктеп алу процесімен ғана танысып қоймай, кәсіпкер мен инвесторларға арналған Ikapitalist платформасы арқылы Makrus жобасының іріктеу барысымен егжей-тегжейлі танысты.
Өңірлік деңгейдегі инвестициялық тәжірибе туралы кәсіпкерлер, іс-шараға іске асырылған жобаларының стататистикалық ақпаратымен құндылық қосқан, Қ.Байтөренің презентациясы арқылы мәліметке ие болды. Ол компанияның 2017 жыл мен 2018 жыл 4 айының инвестициялық портфелінің өсу динамикасы, сондай-ақ, «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының кәсіпкерлерге ұсынатын қолжетімді қаржыландыру мүмкіндіктері мен қаржыландыру құралдары туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, шара барысында бизнес, менеджмент және қаржы саласындағы әлемдік көшбасшыларды дайындау сынды миссиясын жоғары деңгейде атқарып келе жатқан Geneva Business School швейцария университетінің Қазақстандағы директоры А. Асқарова сөзге шығып, бизнесті қолдау бойынша білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Бүгінгі таңда Geneva Business School ОҚО кәсіпкерлері мен бизнес көшбасшыларының ғаламдық деңгейге шығуына ықпал ететін инфестициялық ресурстарды тарту және экспорттық әлеуетті арттыру бойынша бірегей оқыту бағдарламасын ұсынуда.
Іс-шараны қорытындылай келе «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен Geneva Business School арасында компания қызметкерлерін оқыту, сондай-ақ, орталықтан қаржы алған кәсіпкерлер үшін практикалық іс-шаралар өткізу бойынша ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, облыстағы бизнес-жобаларға «ОҢТҮСТІК» АИО және Ikapitalist платформасы арқылы бірлесіп инвестиция салу мәселелері қаралды.
«ОҢТҮСТІК» АИО баспасөз қызметі